Алты жасар бала қайтыс болған анасының жанында бес күн өткізген

0
291

Балабақша тәрбиешілері алты жасар баланың бірнеше күн бойы келмей жүргенін байқап, оны құтқарып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Кішкентай бала қайтыс болған анасының жанында бес күн түнеген, деп хабарлады РИА Новости.

Башқұртстандағы Янаул қаласында таңғаларлық оқиға болды. Балабақша тәрбиешілері алты жасар баланың бірнеше күн бойы келмей жүргенін байқаған. Бірдеңеден күдіктеніп, олар баланың анасының құрбысымен байланысқа шығады.

Олар пәтерге бірге келгенде, баланың анасы қайтыс болғанын, ал баланың өзі қатты ашығып қалғанын көреді.

Тағы оқыңыз: Көшеде келе жатқан жігіт 5-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды – видео

Кейінірек өңір билігі хабарлағандай, бала алдымен анам ұйықтап қалды деп ойлаған болуы мүмкін, ал содан кейін оның сыртқа шығып, көмек шақыруға шамасы болмаған.

Қазіргі уақытта жетім қалған бала жан сақтау бөлімінде жатыр, жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.

Кейінірек баланы туыстары алып кететіні белгілі болды.



sputniknews.kz