алты облыста дабылды ескерту жарияланды

0
17
Advertisement

Еліміздің солтүстік және батыс облыстарында ертең қатты жел тұрып, найзағай ойнайды, үсік жүреді деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. «Қазгидромет» РМК республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

21 қыркүйекте Ақмола облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аймағында 1-3 градус үсік болады деп болжанып отыр. Күндіз найзағай жарқылдайды, жел тұрады. Петропавлда найзағай ойнайды.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз жел соғады.

Тағы оқыңыз: Қар жауып, күн суытады – синоптиктер қыркүйек айына болжам жасады

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде –  найзағай, қатты жел. Ақтау қаласында да найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін барады. Атырау қаласында да найзағай ойнап, жел соғады деп болжануда.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз