Алты баласы бар: 70 жастағы қария 17 жастағы орыс қызын тоқал еткен — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбе тұрғыны Галина 70 жастағы қарияға тоқал болып, 6 баланы өмірге әкелгенін айтты. Орыс қызы өзінен 53 жас үлкен қазақ қарияға тұрмысқа шыққан. 

Бұл туралы «Өз ойым» бағдарламасында айтылды.

Галина өзінен 53 жас үлкен жолдасымен 11 жыл бірге тұрған. Өзі жетімдер үйінде өскен. Өзінен үлкен азаматқа тұрмысқа шығуына да ата-ананың қамқорлығы жетіспегенінен шығар деп болжайды. 

«Маған қамқорлық жетіспеді. Пана іздедім. Бастапқыда ата-әжесінің үйінде қызметші болып жүрдім. Мерекелерде сый жасап жүрді. Қалай көңіл қосқанымызды өзім де байқамай қалдым. Бәйбішесі баптапқыда қарсы болды. Рұқсатын берген жоқ. Кейіннен көнді. Балаларымды қарауға көмектесті. Балаларым оны әже дейді. Ол кісі өте жақсы адам, алтын адам», — дейді Галина. 

Галина мен жолдасының Қуаныш, Венера, Қуандық, Бахтияр, Әділет, Анджели есімді ұл-қыз өсірді. Балаларының есімін әкесі қазақшалап қойған. Отбасында қазақша сөйлеседі. Балаларының бәрі қазақ мектебіне барады. 

Галина өзінен үлкен адамға тұрмысқа шыққанына еш өкінбейтінін айтады. Қайта құдайға шүкір етем дейді. 

Жолдасы 3 жыл бұрын ауырып, қайтыс болған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz