Әлтайыр Ахметов президент әкімшілігінде лауазымды қызметке ие болды
Қысқа сілтеме алу
Әлтайыр Ахметов президент өкімімен жаңа қызметке ие болды
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз — Sputnik. Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әлтайыр Ахметов президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
«Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды», — делінген Тоқаевтың өкімінде.
Ахметовтың орнына Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.
Әлтайыр Ахметов туралы не білеміз?
Әлтайыр Ахметов 1979 жылы Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Ұлыбританияның Бирмингем университетін тәмәмдап, мемлекеттік басқару магистрі атанды. Заң ғылымдарының кандидаты.
Әр жылдары білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті төрағасының орынбасары, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры қызметін атқарған. Ал 2019 жылдың сәуір айында мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметіне тағайындалған болатын.
sputniknews.kz