Алтай Көлгінов Назарбаевтың мақтауын қалай қабылдағанын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы басқарушылардың жаңа буыны туралы айтып, Алтай Көлгіновті үлгі еткен еді

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақтауын қалай қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мен мұны «аванспен» айтылған мақтау деп қабылдадым. Мен бұл үмітті ақтауым керек. Ең бастысы, ел басшылығы мен халқымыздың маған артқан сенімі. Мен үшін басты басымдық – осы», – деді Көлгінов педагогтардың тамыз конференциясынан кейін.

Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарушылардың жаңа буыны туралы айтып, Алтай Көлгіновті үлгі еткен еді. Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы оны өңірдегі жұмысы үшін мақтады. Назарбаев «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген жастарды облыстарға әкім қылып жіберу практикасын жалғастыру қажет екенін айтқан болатын.

Тағы оқыңыз: «Бұл тақырыпты жабайық»: Назарбаев елді дүрліктірген мәселеге нүкте қойды

Айта кетсек, Алтай Көлгінов 2019 жылдың маусымынан бері Нұр-Сұлтан қаласын басқарады. Жас әкім «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда білім алып келген.

2013 жылдан 2016 жылға дейін Орал қаласын, 2016 жылдан 2019 жылға дейін Батыс Қазақстан облысын басқарды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз