Алтай Көлгінов: биография, отбасы, балалары, қызметі

0

Сенбі күні елордадағы жылу электр орталығының жұмысымен танысқан әкім бүгін жедел жәрдем станциясына барды

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының басшысы Алтай Көлгінов жедел жәрдем қызметінің жұмысымен танысып, дәрігерлерді медицина саласы қызметкерлерінің мерекесімен құттықтады.

Елорда әкімінің айтуынша, қалада 20 мыңнан астам дәрігер қызмет етеді. Олардың бір мыңы жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді.

«Станцияда қажетті жағдайдың барлығы бар. Жақында тағы қосымша 52 жедел жәрдем көлігі пайдалануға беріледі.  Мұндағы дәрігерлер жылына 800 мың, күніне 2000-нан аса адамға қызмет көрсетіп отыр. Бұл айтарлықтай салмақ, үлкен еңбек», — деп жазды Көлгінов өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол барша медицина саласының қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

15 маусым, сенбі күні қала әкімі 2-ші жылу электр орталығының жұмысымен танысып, алдағы жылыту маусымына дайындықты бақылаған болатын.

Тағы оқыңыз: Президент Көлгіновті не үшін елорда әкімі етіп тағайындады?

Еске сала кетсек, 13 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі етіп тағайындады.



sputniknews.kz