Алсудың қызының жеңісінен кейін «Голос. Дети» байқауының бас редакторы инфаркт алды

0

«Голос. Дети» байқауына байланысты жанжалдан кейін Бірінші арнаның директорының оң қолы, байқаудың бас редакторы Александр Подъяпольский инфаркт алды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «dni.ru» сайтына сілтеме жасап.

Дочь Алсу

Алсудың қызы Микелла Абрамованың бірінші орын алуы төңірегінде туындаған дау-жанжал көптеген адамның жүйкесіне әсер етті. Солардың бірі — Бірінші арна директоры Юрий Аксютаның оң қолы Александр Подъяпольский инфаркт алып, қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Бұл жағдай туралы редактордың жары «Русское Радио» жүргізушісі Алена Бородина айтып берді.

«Инфаркт деген өте қорқынышты. Төрт жыл бұрын инфаркт әкемді алып кеткен еді, енді міне Саша да инфаркт алды. №20 кардиохирургиялық ауруханасының барлық дәрігеріне, Бірінші арна қызметкерлеріне, Аксюта мырзаға, Елена Малышеваға, күйеуімнің жанын сақтап қалуға жедел түрде көмек көрсеткен адамдардың бәріне алғыс айтамын. Қазір дәрігерлердің қадағалауында, ешқашан өшірмейтін телефонынсыз амалсыздан жатыр», — дейді Александр Подъяпольскийдің жары.

Редактордың бұл жағдайға түсуі соңғы уақытта болған психологиялық қысымның кесірінен екен.

Қазіргі таңда арна басшылығы Алсудың қызының жеңісі сатып алынған деген қауесетті басудың амалдарын қарастырып, жақын арада тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

stan.kz