«Алқабилерге теріс қарап тұрып жауап береді»: Адвокаттардың шағымынан кейін Бишімбаев сотындағы трибуна орны ауыстырылды

0

Жұбайын өлтірді деген күдікті, экс-министр Бишімбаевтың соты жалғасуда. Алқабилердің қатысуымен басталған бүгінгі сотта судья Құлбаева адвокаттардың шағымынан соң залдағы трибунаның орны ауыстырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бишмбаевқа қатысты соттың кезекті отырысы 1 сәуірде жалғасын табуда. Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаттары соттың ұйымдастырылуы мен судьяның әрекеттерін сынға алды. Олар тіпті қарапайым сот залындағы трибунаның алқабилер қарап тұрмағанын, куәгерлердің эмоцияларын ешкімнің көрмегенін айтып шағымданды.

Осыған орай бүгінгі сотта зал ішінде өзгеріс болған.

“Жәбірленуші тарап адвокаттарының шағымы бойынша залдағы трибунаның орны ауыстырылды. Бұған дейін техникалық жағдайларға байланысты бқл мүмкін болмады. Енді куәгерлер алқабилерге бетпе-бет жауап бере алады”, – деді сот.

Еске салсақ, адвокаттар Жанна Мұхамади мен Джохар Утебеков желіде экс министр Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот процессін сынға алған еді.