Альмира Тұрсын Сатаевпен байланысы туралы айтты (Видео)

0

Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі арқылы танылған актриса Альмира Тұрсын Тимур Балымбетовке сұқбат берді. Сұқбат барысында Ақан Сатаевқа қатысты қауесетке жауап берді: «Біз туралы шыққан мақалаларды оқыдым. Мен қоғам алдында ақталғым келмеді. Мен жолдасыммен оған дейін айырылысқан едік. «Томиристен» кейін мені сценарист ретінде «Боксер» фильміне шақырған еді. Мен Алматы қаласына көштім. соның барлығы бір уақытқа сейкес келгендіктен журналистер анық қанығына бармай осындай ақпарат таратты»-дейді актриса.