Алмазбек Садырбаев: Қант индустриясын құртқан — Әблязов

0

«SHOPAN ATA» Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығы» дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Алмазбек Садырбае біздің елде қант индустриясын құртқан Мұхтар Әблязов екенін айтты.

Бұл туралы ол Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қант индустриясын құртқан, хас жауы — Мұхтар Әблязов. Өйткені, мен өз қолыммен оның жазғанын тауып алдым. «Қазақ еліне қант өндіріп керегі жоқ, біз бәрін Ресейден сатып аламыз» деп Ресейдің екі зауытын сатып алған. Бізде бір-ақ зауытты қалдырып, қалғанын жаптырып тастаған», — деді Алмазбек Садырбаев.