Алмазбек Атамбаев пневмонияға шалдығып, абақтыдан ауруханаға ауыстырылды

0

9 маусымда Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев денсаулығы нашарлағанын айтып шағымданғаннан кейін одан COVID-19 вирусына ПТР-сынама алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Атамбаевтың тесті теріс нәтиже көрсеткен. Сол күні дәрігерлер онлайн консилиум өткізді, содан кейін оған «екіжақты пневмония» диагнозы қойылды. Осыған байланысты дәрігерлер консилиумы А.Атамбаевты стационарлық ем қабылдау үшін ауруханаға көшіру туралы шешімі қабылдады.

Айта кетейік, байланысты азайту және коронавирус таралмас үшін комитеттің тергеу изоляторында физикалық байланысты қоспағанда, кездесулер мен қабылдауды әйнек қоршау арқылы өткізу ұсынылды.

Ведомство хабарлағандай, өткен аптада Атамбаев адвокаттармен және туыстарымен бірнеше рет кездесіп, құжаттар мен заттарды қолымен тапсырған.

Еске сала кетейік, жуырда Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталған болатын.