Алматының жанармай құю бекеттерінде АИ-92 арзандады

0
Бензин
Фото: Nashreporter.com

Бұған дейін АИ-92 бензинінің бір литрі 156 теңге еді.

Royal Petrol мен Petrol Asia сайттарында бұл бензиннің бағасы – 149 және 147 теңге. Sinooil жанармай құю бекеті де АИ-92 бензинін 149 теңгеге сатып жатыр.

Бұған дейін барлық жанармай құю бекеттері АИ-92 бензинінің бір литрін 156 теңгеге бағалаған еді.

Ал “ҚазМұнайГаз” бен Helios бекеттері АИ-92 маркалы бензинін 152 теңгеге сатып жатыр.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, “Газпромнефти” жанармай бекетінде бұл бензин түрі бұрынғы бағасында қалған.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz