Алматының қақ ортасында жантүршігерлік жол апаты болды (фото, видео)

0

10 қараша күні Алматының қақ ортасында жантүршігерлік жол апаты болды. Жамбыл мен Абылай хан көшелеріндегі қайғылы оқиғадан көлік жүрігізушісі қаза тапқан деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Жол апатынан Nissan Skyline жеңіл көлігі екіге бөлініп қалған.

Жантүршігерлік апатқа куә болғандар, Nissan Skyline жүргізушісінің Абылай хан көшесінің бойынша қатты жылдамдықпен жүргенін айтуда.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Рөлге ие бола алмай қалған көлік иесі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кеткен.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Сосын Daewoo Nexia көлігіне, одан кейін бағанаға барып соғылған. Осыдан соң жол жиегіндегі ағаштарды сындырған.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Алған соққылардан Nissan Skyline көлігі екіге бөлініп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапқан.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Ал жол апатынан алған жарақаттан Daewoo Nexia көлігінің екі жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Қазір жол апатының жай-жапсарын полицейлер анықтау үстінде.