Алматының маңындағы ТЖО өртке оранып, оны 28 адам ауыздықтады

Өртті сөндіру үшін 2 сағат уақыт кеткен.
Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Алматының маңындағы ТЖО өртке оранды. Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы ТЖО-ның өртке оранғаны туралы хабарды 1-қаңтар күні сағат 23.00-де хабарлаған.
«1 қаңтарда сағат 23.00 шамасында Алматы облысы, Іле ауданы Өтеген батыр ауылында өрт шыққаны жайлы қоңырау келіп түсті. Өтеген батыр ауылында ішінде төрт автокөлік тұрған екі қабатты ТЖО өртенген», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінен.
Жалынды Өрт сөндірушілер өрттің ТЖО-ға жақын орналасқан ғимараттарға таралуын болдырмай, алдын алды. Өрт салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Өрттің шығу себебі әлі анықталмаған.