Алматының ірі жылу магистралінде апат болды

0
94
Алматының ірі жылу магистралінде апат болды


Алматы орталығында ірі магистральдік жылу құбыры жарылды.

Деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлағандай, Назарбаев пен Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы жылу трассасы жарылған.

Бұл жердегі диаметрі 700 мм құбыр 1993 жылы берілген екен. Төтенше жағдай туралы түнгі 2:30-да белгілі болды.

«Шұғыл түрде Қазы бек би – Зенков – Гоголь – Панфилов квадратындағы инженерлік желілерге су берілу тоқтатылды. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Тұтынушылардың мүлкіне ешқандай нұқсан келмеді. Жол қабаты құбыр ауыстырылған соң дереу төселетін болады. Жылу желісін апатты жағдайда тоқтату нысандар мен үйлерге берілетін жылуға ықпал етпейді», – деді коммуналдық қызмет өкілдері.