Алматының екі ауданында мамандандырылған ХҚКО ашылды

0

«Халыққа арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңадан ашылған екі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы Наурызбай және Жетісу аудандарында орналасқан.

Наурызбай ауданындағы ХҚКО Шұғыла көшесі, 222/2 мекен-жайында орналасқан. Ал Жетісу ауданы аумағындағы ХҚКО «Құлагер» шағынау­данындағы Серіков көшесі, 6А мекен-жайында ашылды.

Ал бұған дейінгі ашылған Халыққа қызмет көрсету орта­лығы «Саялы» шағынау­данын­дағы Аққайнар, 1 көше­сіндегі ме­кен-жайда болса, екіншісі Май­лин көшесі, 85 үйде орналасқан.

Сонымен қатар, А.Оспанов өз сөзінде көлікті тіркеуге байла­нысты қызмет пен жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері енді қазақстандықтарға онлайн ре­жимде де қолжетімді екенін айтып өтті.

Бүгінгі күні электрондық портал арқылы көлікті тіркеу бойынша 3 мыңнан аса қызмет көрсетілсе, Алматы бойынша 550,  ал жүргізуші куәлігін ауыс­тыруға байланысты 13 мыңнан аса қызмет көрсетілген. Оның ішінде 1765 қызмет Алматыға тиесілі.

«Қамшы» сілтейді