Алматының дәл ортасында әйелге шабуыл жасаған адамды полиция іздестіруде — Қазақстан жаңалықтары
Алматы қаласында белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасады. Оны қазір полиция іздестіріп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шабуыл жасалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған. Алматы қаласының тұрғыны Шырын Мусинаның мәлімдеуінше, ол кешкі сағат 23:00 шамасында әл-Фараби даңғылының төменгі жағымен (Марков және Сейфуллин көшелерінің арасында) үйіне қайтып келе жатқан. Осы кезде артынан келген белгісіз ер адам шабуыл жасаған, бірақ жәбірленуші дер кезінде қарсылық көрсетіп үлгерген. Ол өзінің жазбасында жолының болғанын жазады.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиға жайлы ақпарат кеше түнде түскенін хабарлады.
«Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары, қылмысқа қатыстылардың жеке басы туралы мәлімет, сонымен қатар істің басқа да мән-жайлары анықталуда. Ер адам тез арада қолға түседі. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп, ары қарай заңға сәйкес шара қолданылады», — делінген полиция мәлімдемесінде.
stan.kz