Алматының базарында саудагерлер жаппай төбелесті – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Екі топқа бөлініп төбелескен жігіттерді ажыратуға жол-патрульдік полиция қызметкерлері келген  

АЛМАТЫ, 6 сәуір — Sputnik. Алматының киім базарларының бірінде аяқ киім сататын бір топ ер адамның арасында төбелес шықты, оқиғаны куәгерлер видеоға түсірген.   

Төбелеске тараптардың бірі қарыз ақшаны қайтарудан бас тартуы себеп болған көрінеді.

«Алдымен ерегіскен,  кейін төбелес шыққан. Жол-патрульдік полиция экипажы төбелесушілерді ажыратып, мән-жайды анықтау үшін оларды  аудандық полиция басқармасына жеткізді», — деп түсіндірді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, қазір полиция жанжалдың неден туындағанын ғана емес, төбелесті кім арандатқанын анықтап жатыр. Оның ең белсенді қатысушылары Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін.   



sputniknews.kz