Алматының Бас санитарлық дәрігері карантинге жабылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Айзат Молдағасимованы алдымен стационарда оқшаулап, сараптама алған, белгілі болғандай ол теріс нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп хабарлайды. 

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімінің бастығы Айзат Молдағасимова қазіргі уақытта үйде карантинде жатыр, өйткені сараптама нәтижелері теріс болған.

Ол коронавирус анықталған жолаушымен бір ұшақта болған.

«Мені ауруханада оқушаулады, тексерулер жүргізудің нәтижесінде менде коронавирус анықталмады. Вирусты жұқтырған әйелмен қарым-қатынасқа түскен жоқпын», — деді Айзат Молдағасимова.

Айта кету керек, Алматы қаласының бас дәрігері Германия арқылы транзитпен карантин жарияланған мемлекеттер тізіміне кірмеген басқа елден ұшып келген.

Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирусы бар алты науқас анықталды, олардың төртеуі Алматыда және екеуі Нұр-Сұлтанда. Олардың барлығы шетелден әуе арқылы келген, үшеуі Германиядан, біреуі Италия мен Мәскеуден және тағы бір әйел Варшавадан келген.

stan.kz