Алматының бас санитар дәрігері үй карантинінен кейін жұмысқа шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Үй карантинінде болған Алматы қалалық тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айзат Молдагасымова

Еске салайық, бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова коронавирус жұқтырған жолаушымен бір ұшақпен ұшып келгені мәлім болған еді.

«Наурыздың 10-нан 24-не дейін үй карантинінде болдым. Дәрігер менің жұмысқа шығуыма болатынын айтты. Екі рет сынама тапсырдым, вирус жұқтырмағанымды көрсетті», — деді Молдағасымова.

Сөзінше, ол коронавирусқа қолайсыз емес елден Германия арқылы транзиттік рейспен ұшып келген. 

«Германия вирус қаупі бойынша екінші санатта болатын. Мен транзиттік аймақта небәрі бір жарым сағат болдым», — деп қосты департамент басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бас санитарлық дәрігердің қызметінен кетуі туралы мәселе көтерілгені жайлы айтылған еді. 

 

stan.kz