Алматының бас санитар дәрігері карантиннен шықты

0
20

Айзат Молдагасимова была изолирована на дому 14 дней, анализы показали, что у нее нет коронавирусной инфекции

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Айзат Молдағасымова жұмысқа шықты. Ол үй карантинінде болған.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері коронавирус жұқтырған жолаушымен бір ұшақта болғаны хабарланды.

«Наурыздың 10-нан 24-не дейін үй карантинінде болдым. Дәрігер менің жұмысқа шығуыма болатынын айтты. Екі рет сынама тапсырдым, вирус жұқтырмағанымды көрсетті», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Молдағасымова коронавирус бойынша қауіпті саналмайтын елден Германия арқылы транзитпен ұшқанын айтты.

«Германия вирус қаупі бойынша екінші санатта болатын. Мен транзиттік аймақта небәрі бір жарым сағат болдым», – деді ол.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырды. Елордада – 41, Алматыда -31, Қарағандыда – 2,  Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкентте 1 жағдайдан тіркелді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда COVID-19 жұқтырған науқас туралы ақпарат жарияланды



sputniknews.kz