Алматының ауасы тазарды — мамандар — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазгидромет Алматы қ. атмосфералық ауадағы бензпирен құрамының бірінші аптадағы талдауларының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы смог

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК Алматы қаласында атмосфералық ауадағы бензпиреннің құрамына мониторинг жүргізіпті.

Сынамаларды іріктеу келесі 5 нүктеде жүргізілді:

Амангелді көшесі, Сәтбаев көшесінің қиылысы;

Райымбек даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы;

Айнабұлақ-3 шағын ауданы;

Ақсай-3 шағын ауданы, Маречек көшесі, Б. Момышұлы көшесінің қиылысы;

Тастақ-1 шағын ауданы, Төле би көшесі, 249.

Алматы қаласындағы атмосфералық ауаның сынамаларын іріктеу және талдау нәтижелері бойынша бензпирен концентрациясы 0,0002-0,0004 мкг/м3 шегінде, бұл белгіленген нормадан төмен (ШРШ = 0,001 мкг/м3).

Атап кетерлік жайт, бензпирен – химиялық компонент, күшті канцерогендік белсенділікке ие, өте улы. Ағзаға әсер ету дәрежесі бойынша қауіптіліктің І (жоғары) сыныбына жатады. Көмірсутекті сұйық, қатты және газ тәрізді отынның жануы кезінде пайда болады (газ тәрізді жану кезінде аз дәрежеде), ірі қалаларда көбінесе автомобиль көлігімен бөлінеді.

stan.kz