Алматының 27 ықшамауданына жаңа атау берілді
Алматы әкімдігі мен мәслихаты қаланың бірнеше ықшамауданына атау беру туралы шешім қабылдады.
Бұрынғы ықшамаудандардың атауы былайша өзгереді:
Алатау ауданы бойынша:
“Алғабас-1” – “Нұркент”, “Алғабас-2” – “Ботакөз”, “Алғабас-3” – “Ақмаржан”, “Алғабас-4” – “Ғажайып”, “Алғабас-5” – “Дарабоз”, “Алғабас-6” – “Зерделі”, “Заря востока” – “Шапағат”, “Құрылысшы” – “Самғау”, “Трудовик” – “Томирис”.
Әуезов ауданы бойынша:
“Дубок” – “Шабыт”, “Дубок-2” – “Атамекен”, “Школьный” – “Жазира”, “Школьный-2” – “Алмас”, “Тепличный” – “Қуаныш”.
Бостандық ауданы бойынша:
“Алатау” – “Нұр Алатау”, “Алмаарасан” – “Архат”.
Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:
“Жайлау” – Ғаламат”.
Бостандық, Медеу аудандары бойынша:
“Ремизовка” – “Асқартау”.
Жетісу ауданы бойынша:
“Дорожник” – “Көкмайса”, “Первомайский” – “Кемел”.
Медеу ауданы бойынша:
“Ақтөбе” ықшамауданының “Родник” бағбандар қоғамының шығыс жағы мен “Қорғаушы-Защитник” бағбандар қоғамының оңтүстігіндегі бөлігі – “Шарапат”, “Ақтөбе” ықшамауданының “Горный садовод” бағбандар қоғамының солтүстігіндегі бөлігі – “Алтын”, “Бутаковка” – “Мұзтау”.
Наурызбай ауданы бойынша:
“Алатау” – “Байтақ”, “Каменка-3” – “Мейрам”, “Қарағайлы-2” – “Дария”.
Түрксіб ауданы бойынша:
“Колхозшы” – “Нұршашқан”.
Әкімдік пен мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланғанынан 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Дереккөз: Baribar.kz