Алматылықтардың қоғамдық көліктерде маскасыз жүруіне тыйым салынды — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда енді жабық орындарда, атап айтсақ, қоғамдық көліктерде маскасыз жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған. Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.
Жаңа қаулыда қала мен аудан әкімдерінің, сонымен қатар ПД қызметкерлерінің жабық орындарда, қоғамдық орындарда халықтың маскамен жүруін қамтамасыз етуі керек екені айтылыпты.
Бұған қоса бұйрықта қызметі қайта қосылған нысандардың басшылығы ғимаратқа маскасыз келушілерді кіргезбеу керек делінген.
Сондай-ақ саяжайда тұратындар қонақ шақырып, ас беруіне шектеу қойылған. Азаматтар арасында кем дегенде екі метрлік қашықтық сақталып, олардың міндетті түрде антиспетиктер мен маска қолданылуы талап етіліпті.
stan.kz