Алматылықтар қаржы пирамидасына 600 млн теңгеге алданған: Басшыға халықаралық іздеу жарияланды

0
164

Алматыда «Astra Consulting agency» ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды. Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасы компания басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы мәлімдеме полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскенін еске түсірді. Бүгінде зардап шеккендердің ресми саны – 124 адам, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы девиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісі халықаралық іздеуге жарияланды.

Күдіктілердің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 245 283 теңгені құрады. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, олар 8-701-732-86-54 телефон нөмірі арқылы тергеушіге хабарласуына немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 үйге келіп ресми өтініш жазуға болады.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету