«Алматылықтар бетпердені шешіп, антисептикті ұмытты»: Полиция рейдке шыға бастады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда мегаполис тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полицияPolisia.kz агеттігінің жазуынша, Алматы полицейлері әкімдік өкілдерімен бірлесе отырып, карантиндік нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шараларды бастады.

Ең алдымен, мегаполис тұрғындарына басты қорғаныс құралдарының бірі болып саналатын бетпердені кию керектігі ескертілді.

«Кейбіреулер карантинді сақтауды мүлде тоқтатты: медициналық маскаларды алып тастады, қонаққа барады, қолдары мен өз баспаналарын антисептикалық өңдеу туралы ұмытып кетті. Қалай болғанда да, бұл короновирустың таралуына әсер ететін тікелей факторлар, бұл жұқпалы ауруларға қолайлы орта», – деп атап өтті Алматы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Жексенбі күні таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері мен аудандық әкімдіктер қатарынан ондаған мобильді топ құрылды.

Еске сала кетейік, 24 мамырдағы мәліметтер бойынша, Алматыда  2 164 адамнан коронавирус анықталды.

Қазақстанда жалпы 8 322 адам COVID-19 коронавирусын жұқтырды, 4 320 адам сауығып, 35 адам көз жұмды.

 

stan.kz