Алматылық жүргізушілерге алда болатын көктайғақ жайлы ескерту жасалды
Автожүргізушілер мен жаяу адамдарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.
Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын алдағы тәулікте болатын көктайғақты жайлы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматыда 20-ақпан күн кешкі уақыттан бастап бір жарым тәулік бойы жер қатқақтанып, қар жауып, салдарынан көктайғақ болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. Көктайғақты ескерту мақсатында кешкі уақыттан бастап 160 құм шашқыш көлік орналасу орындарындарында кезекшілік жасайды деп жоспарланып отыр. Ал жалпы алғанда қар тазалау жұмыстарына 860 арнайы техника мен 2800 жұмысшы жұмылдырылады», — деді әкімдік өкілдері.
Соның салдарынан көктайғақ, жолдың жүріс бөлігінде сырғанақ пайда болып, тротуарлар көк мұзға айналуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу адамдардан қауіпсіздік шараларын ұстануды сұрайды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz