Алматылық жасөспірім Youtube арқылы қазақтың күйлерін үйреніп жүр — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматылық жеткіншек Бекарыс Айбарұлы кішкентай кезінен қазақтың ұлттық аспабы домбыраға қызығушылық танытып, осы кезде 10-15 күйді орындап үйренген. 15 жастағы баланың айтуынша, алғашында музыкалық аспапты меңгеруге көрші тұрған студенттер көмектескен. Қазір Бекарыс Youtube-тағы сабақтар арқылы үйренеді. 

https://www.youtube.com/watch?v=TzGR5mZ00tU

Бекарыстың айтуынша, бір күйді үйренуге 1-2 апта уақыт қажет. Осы уақытқа дейін біраз күйді орындап үйренген жасөспірімнің ең сүйікті туындылары — Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын» күйлері.

Анасы Гүлжанардың айтуынша, бастапқыда домбыра мен домбыра үйірмелеріне деген қызығушылық Бекарыстың ағасында туындаған. Бірақ сәлден кейін ағасының қызығушылығы басылып, ағасын тамашалап отырып, Бекарыстың шынайы қызығушылығы оянған. Бастапқыда жеңіл күйлерден бастаған ол қазір күрделі күйлерді меңгеріп жүр. Бекарыс кейбір күндері мүлдем домбыраны қолға алмауы мүмкін, ал кей күндері сағаттап отырып, күй шертеді. 

stan.kz