Алматылық трансгендер тұрмысқа шықпақ
Трансгендер Амилай той көйлегін таңдап жүр. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Жақында той. Мені ойлайсыңдар-ау қатігез, өзін ойлап қалған адам деп. Мен жай ғана бақытты сәттерімді көрсетем. Оны да әңгіме қыласыңдар “пранк” “саған кім сөз салады?” “Еркексіңғой!” “Хайп жасап жатсың” деген пікірлер жазып. Мен болсам, сендерден қолдау күтіп, жаңалықтарымды сендермен бөлісемін ғой. жақындарым тойға келмесе де, сіздер жақсы пікірмен қолдау көрсетіп жіберсеңіздер риза болар едім”, — деп жазды Амилай.