Алматылық қыз «Әлем аруы» байқауының финалына өтті — Мәнер

0

Тайландта «Әлем аруы» байқауы өтіп жатыр. Қазақстанның атынан алматылық Сабина Әзімбаева өнер көрсетіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жартылай финалда қыздар жағажайға арналған шомылу киімімен жүріп өтті. Қазақстандық қыз шыққан уақытта көрермендер орнынан тұрып шапалақ ұрған. 

Сонымен қатар, кешкі көйлекпен шығу көрсетілімі басталды. Сабина Әзімбаева шлейфі бар элегантты көйлекпен шықты. 

Таиландта 10 желтоқсанда байқауға қатысушысылар түрлі-түсті, әсерлі киімдерімен дефиле көрсетті. Онда 19 жастағы «Алматы аруы — 2017» Сабина Әзімбаева Алтын адам бейнесінде шықты. Айта кетсек, костюмнің салмағы — шамамен 30 келі.

Сабина Әзімбаева Алматы қаласында 2000 жылы 14 ақпанында дүниеге келген. «Тұран» колледжын «аудармашы және гид» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2017 жылы «Алматы аруы» байқауын жеңген. Сондай-ақ, «Ұйғыр аруы» сұлулық байқауының жеңімпазы.

«Әлем аруы» байқауы 26 қарашада басталды. Екі апта ішінде 95 елден келген қатысушылар фотосессияға, қайырымдылық акциялар мен басқа да іс-шараларға қатысты. Байқаудың ақтық сыны 17 желтоқсанда болады.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz