алматылық полицейлер болған жағдайды түсіндірді

0
0

Патрульдік көлік тау жолымен көтеріле алмаған соң, ұлттық парк қызметкерінің көлігін қолдануға тура келген

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыдағы полиция департаменті Көк Жайлау аумағында Toyota Land Cruiser көлігімен жүрген полицейлер видеосын түсіндірді. 

«Видео жергілікті полиция қызметі бөлімінің мамандары жүргізген рейд кезінде түсірілген. Рейдті Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен бірге жүргізген», – деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Оқиға таулы аймақта болған. Қызметкерлер тұрғындардың карантиндік, санитарлық нормаларды сақтауын тексерді, деп хабарлады Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Алексей Поценко.

«Сенбі, 30 мамыр күні сағат 11:00 кезінде табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірге Көк Жайлау аумағында демалушылармен жұмыс жүргіздік. Патрульдік көлік таулы жолмен көтеріле алмаған соң менің жеке көлігім – Toyota Land Cruiser-ге ауысуға тура келді. Патрульдік көлікті экобекетте қалдырдық. Іле-Алатау паркінде тазалықтың сақталуын қадағалап, заңсыз аңшылықтың жолын кесуге қолдау көрсететін полиция қызметкерлеріне алғыс білдіремін», – деді ол.  

Таулы аймақтардағы жұмыс 29 мамырда басталған. Ол бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. 



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз