Алматылық келіншек өзіне танымал ресжессердің ұлы шабуыл жасағанын айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматылық бойжеткен режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы жолда өзін ерсі ұстап, қоқан-лоқы көрсеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

рустем абдраш

Бойжеткен кеқазақстандық режиссер Рүстем Әбдірашевтің ұлы шабуыл жасады деп айыптады. Наталья Батухтинаның айтуынша, Әбілқайыр Жарасқан жолда өзін әдепсіз ұстап, ерсі қылықтар көрсеткен. Оқиға Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағын ауданында орын алған.

Бойжеткен болған оқиғаны бейне бақылауға түсіріп, Facebook парақшасына жариялаған.

 

«Жол өте тар еді. Онымен бетпе – бет кеп қалдық. Бір адам екіншіге жол беруі тиіс еді, бірақ ол маған жүгіріп келіп, қолындағы таяқшасын шошаңдатты. Мен қатты қорқып кеттім. Есіктер мен терезелерді жауып, телефонды алып, түсіре бастадым, бірақ ол маған келіп, айқайлап, қорқыта бастады», – деп жазды Батухтина.

Оқиға болған соң әйел полицияға арызданған. Полиция департаментінде жол апаты фактісі бойынша арыз Бостандық аудандық басқармасына түскенін хабарлады.

«Полиция қызметкерлері ер адамның тұрған жерін анықтап жатыр», – деп мәлімдеді Алматы полициясы баспасөз қызметі.

Ведомстводан хабарлағандай, Жарасқанның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі, одан кейін заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз