Алматылық келіншек өзін екі көршісі зорлағанын мәлімдеді (видео)

0

Алматы тұрғыны былтырғы тамыз айында көршілерінің тарапынан зорлық-зомбылық көргенін жариялады. Сол кезден бері келіншек олардың кінәсін дәлелдеуге тырысып келеді. Айтуынша, олар барынша «тергеуге қысым көрсетуге» тырысуда.

Светлана өміріндегі жантүршігерлік оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

Оның айтуынша, сол күні ол көрші үйдегі қайтыс болған құрбысының баласына барып, оның жағдайын біліп қайтпақ болған. Біршама уақыттан кейін үйіне жиналып, шыға берген кезде басынан соққы тиген.

Сосын моншаа бір-ақ есін жинапты. Светлана екі ер адамның өзін қатігездікпен ұрып-соғып, зорлағанын жеткізді. Біреуі – қайтыс болған құрбысының ұлы, екіншісі – оның досы. Айтуынша, олар алкоголь мен есірткінің әсерінде болған.

Күдіктілер қамауға алынған. Енді бұл істі сот қарайды. Алайда, Светлана соттың әділ шешім шығаратынына күмәндануда. Өйткені айтуынша, ол аяушылық білдіріп, көрші баланың досына қатысты жалған мәлімет берген. Бұл туралы оның анасы жалынып сұрағанын жеткізді. Енді келіншек күдіктілер жазадан құтылып кетеді деп қорқуда. Ол көмек сұрап, құқық қорғаушыларға жүгінген.

«Еуразия» бірінші арнасы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз