Алматылық кейуана қайтыс болған күтушінің мүрдесінің жанында бір апта жатқан — Қазақстан жаңалықтары
Алматыдағы «Нұркент» ықшамауданында егде жастағы әйел кенеттен көз жұмған күтушісінің жанында бір апта жатқан, деп хабарлайды «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап Stan.kz.
Көршілері қайтыс болған әйелдің денесі пәтерде шамамен бір апта жатты деп топшылайды.
Әйел аяқ астынан көз жұмған екен. Ал ол күтім көрсеткен кейуана төсекке таңылғандықтан, бұл туралы ешкімге хабарлай алмапты.
Пәтердің есігі ішінен жабық болған. Сондықтан көршілері пәтерден шыққан сасық иісті сезгеннен кейін бір сұмдық болғанын түсініп, полиция шақырған екен.
Бір апта бойы ешкімнің көмегінсіз қалған кейуана ауруханаға жеткізілді. Оның бойынан түрлі дерт анықталды. Сонымен қатар кейуана жүдеп-жадаған. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.
Ал полиция департаментіндегілер әйелдің кенеттен көз жұмғанын айтады. Оның денесінен зорлық белгілері табылмаған. Әйелдің қашан және неден көз жұмғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz