Алматылық дәрігер дельта штаммының негізгі симптомын айтты

0
1173

Дельта штаммын жұқтырған адамның іші өтіп, құлағының естуі нашарлайды екен, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуының алдын алу шаралары» атты баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев мәлімдеді.

Дельта штаммы Оңтүстік Африка, Британ штаммдарына қарағанда өте жұқпалы. Оны жұқтырған адамның іші өтіп, қызуы көтеріліп, құлағының естуі нашарлайды. «Дельта» штаммына арнайы хаттама белгіленбеген. Сондықтан бұрынғыша емделеді, деді Нариман Табынбаев.