Алматылық азамат коронавирусты қалай жұқтырғанын айтты — Қазақстан жаңалықтары
Коронавирус анықталған алматылық Владимир Мурзин басынан өткен оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алматы» арнасына сілтеме жасап.
Құрғақ жөтел, өкпеде аймағындағы мазасыздық, әлсіздік — бұл жұқтырған адамдар сезінетін алғашқы белгілер. Владимир Мурзиннің айтуынша, ол мұндай белгілердің ешбірін сезбеген, бірақ талдау нәтижелері оң болған. Ер адам вирусты ұшу кезінде жұқтырғанын айтты. Қазір оның денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланады.
«Маған жедел жәрдем келді. Бірінші талдауды жасады — ол теріс болды. Сегіз күн өтті, екінші талдауды жасады. Дәрігерлердің айтуынша, нәтиже күдікті болды. Мен, әрине, қорқып қалдым, бірақ «бұл қате болуы мүмкін, қазір жұқпалы ауруханадан келеді, сізді тағы бір талдау үшін алып кетеді», деді. Біз денсаулыққа қандай да бір алаңдаушылық сезінбейміз. Іс-әрекеттер хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Дәрі-дәрмектермен емделу курсын тағайындады, тамақты үнемі шайып отырамыз. Осы ауруханада емделіп жатқанымызға 12 күн өтті», — дейді Владимир Мурзин.
Ресми деректер бойынша, Алматыда COVID-19 жұқтырғандар саны 119 адамды құрайды. 80 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екі ересек адамның жағдайы өте ауыр, 13 — і ауырлығы орташа, оның ішінде облыс тұрғыны бар.
«Провизорлық орталықтардан 203 адам шығарылған. Олардың барлығы 14 күндік карантинде болған. Теріс нәтижелермен шығарылды. Карантиндік оқшаулауда 385 азамат бар, оның ішінде 39 бала. Үй карантинінде 5140 адам бар», — деді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Қазіргі уақытта Алматы бойынша КВИ-дан емделгендердің жалпы саны 23 адамды құрайды.
stan.kz