Алматылық әншіні өз күйеуі ұрлап кетіп, оны өлтірмек болған — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматылық әнші Ксения Ашигалиева күйеуінің оны өлтіргісі келгенін айтты. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде «НеМолчи.kz» қорында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әнші әйел

Әнші күйеуімен жеті жылдан бері бірге тұрып келеді. Олардың екі баласы бар екен. Ксенияның айтуынша, күйеуі оның тапқан гонорарын тартып алып, жиі соққыға жығады. Тіпті әр басқан адымын аңдып отыратын көрінеді. Әнші үйіне бірнеше рет полиция қызметкерлерін шақырған, алайда одан ештеңе шықпапты. 

«Әйел күйеуімен ажырасқысы келеді. Бірақ біздің мемлекетте ажырасу процесі ұзақ жүреді. Ерлі-зайыптыларды ажырастырмас бұрын, оларды қайтадан бір отбасы болуға үгіттейді. Тіпті күйеуі әйелін ұрып-соғып жатса да біздіклер екеуін татуластырғысы келіп тұрады», – деп жазылған жазбада. 

28 шілдеде күйеуі әйелін ұрлап, ары қарай өлтіріп тастау ісін жоспарлаған. Әйелге бір бейтаныс қыз хабарласып, вокалдан сабақты үйде беретінін айтады. Еш күмәнданбастан келіншек сол мекен-жайға барады. Алайда, үйге кіреберісте екі ер адам оның басына қап кигізіп, жертөлеге алып кірген. Жол бойы екеуі екі жақтан ұрып келіпті. Олардың даусынан-ақ әйел өзінің күйеуі мен оның досы екенін бірден біліп қойған. 

Әйелді жертөлеге кірзігіп ұрып, оны өлтірмек болады. Бірақ ол күйеуіне жалынып, балаларын аяуды өтінген. Сөйтіп оны сыртқа қайтадан шығарғанда, әйел көпшіліктен айғайлап көмек сұрайды. Оқиға орнына учаскелік полиция да келіп, одан арыз жазып алған. 

«Оқиға болған орынды полиция тексермеген. Қолын байлаған скотч пен басына кигізілген қап та сол күйінше қалыпты. Тіпті киімді сот-медициналық сараптамадан да өткізбеген. Күйеуін және оның досын да жазаламаған. Бұл қылмыс та тағы отбасылық ұрыс-керіс ретінде қалып қоятын болды. Сонда полиция қайда қарап отыр?», – деп жазады «НеМолчи» қоры.

Құқық қорғаушылар ендігіде полиция қызметкерлерінен әйелді өз қамқорлықтарына алып, балалырмен бірге оған тұратын баспана беруін сұрайды.

stan.kz