Алматылық Анастасия Галееваны өлтірді деген күдікті ұсталды — Қазақстан жаңалықтары
Алматылық Анастасия Галееваның өліміне қатысы бар деген күдікті қолға түсті. 1992 жылы туған азамат қамауға алынды.
Бұл туралы Stan.kz Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Анастасия Галееваның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1992 жылы туған азамат қамауға алынды», — делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, екі ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Анастасия Галееваның денесі осы аптада Іле ауданындағы арнадан табылды.
22 жастағы бойжеткен 10 ақпан күні құрбысының үйіне кетіп, сол күйі қайта оралмаған. Жақындары қыздың өліміне достарын айыптады. Достары қыздың өздігінен көз жұмғанын, қорыққандарынан мәйітті жасырып қойғанын айтыпты. Сәуір айының басында қыздың әкесі бас прокуратурадан көмек сұраған еді.
stan.kz