Алматылық әйелін құтқару үшін отқа оранған үйге кіріп кеткен

0
19

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Отағасы 7 жасар қызын далаға алып шыққан. Баланы көршілерге тастап әйелін құтқаруға үйге қайта кіріпті. Содан екеуі де уланып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Алматыда жер үй өртеніп, жеті жастағы қыз бала жетім қалды.

Медеу ауданындағы жеке үйлердің бірі отқа оранып, ерлі-зайыпты жан тапсырды. Қазір қайғылы оқиғаның себеп-салдары сараланып жатыр, деп хабарлады КТК.

Ескі үйде, қызыл жалын тұтанып, оны сөндіру мүмкін болмаған. Жалын қатты болғандықтан көршілер де көмектесе алмапты.

«Көршілер айқайлады. Далаға шықсам, үй өртеніп жатыр. Жалын бірден лаулап, бүкіл үйді алып кетті. Жан-жақтан жүгіріп келгенімізбен үйге кіру мүмкін болмады. Жігіттер ауладағы көлікті ғана сыртқа шығарып үлгерді», – дейді Людмила Шарифулина.

Денелерін 25 пайыз күйік шалып, ысқа тұншығып қаза тапқан ерлі зайыптының артында жалғыз қыз қалды. Бүлдіршін алғашқы медициналық тексеруден өткен соң әжесіне тапсырылыпты. Марқұмдардың достарының айтуынша, қызды әкесі жалын ортасына алып шыққан.

«Әкесі қызын далаға алып шыққан. Баланы көршілерге тастап әйелін құтқаруға қайта кіріпті. Содан екеуі де уланып қалған. Баланы әжесі үйіне алып кетті. Одан басқа жақыны жоқ», – дейді марқұмның құрбысы Марина Ващенок.

Есікті қасықпен жауып кеткен: Қызылордада бір үйдің 4 баласы өлім құша жаздады 

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілінің айтуынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жеткен. 60 шаршы метр 25 минутта сөндіріліпті. Үй қатты өртеніп кеткендіктен сараптама жұмыстары да ұзаққа созылады, дейді мамандар.

 2019 жылы бірінші қарашада осы үйдің иесімен өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Оқиға бойынша қалалық полиция департаменті де сот-медициналық сараптама тағайындаған. Әзірге өрттің қалай тұтанғаны белгісіз.



sputniknews.kz