Алматылық әйелді күйеуі қыз туа бергені үшін тастап кеткен — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Ақзайда Бекболсынованы күйеуі қыз туа бергені үшін тастап кеткен. Бүгінде көпбалалы ана 5 қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Жұмысқа шығайын десе, балаларын тастап кете алмайды. Онсыз да, үйде өздері қалғанда екі қызға иіс тиіп, бір өлімнен аман қалған. 

Алматылық әйелді күйеуі қыз туа бергені үшін тастап кеткен

Бұл туралы «Еуразия» арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

«Жолдасым арақ ішетін. Ішкен сайын Аллаға дұға жасайтынмын. Ішіп келгенін қыздарымнан жасыратынмын. Бірақ қыздарым білетін. Кетіп қалғанын да біразға дейін айтпай, кейін түсіндірдім. Қыздарыма ана орнына ана, әке орнына әке болып отырмын», — дейді көзіне жас алған Ақзайда Бекболсынова.

Бұл Ақзайда үшін күтпеген жағдай емес. Жолдасы үшінші қызынан кейін-ақ қылқылдай бастапты. Үшінші қызын көтерген кезде күйеуі ақша беріп, оны алдырып тастауын талап еткен. Алайда келіншек оған көнбеген. 

«Ол кезде намаз оқымайтын едім. Барахолканың артында «Дархан» деген жерде тұратынбыз. Үйіміз суық болатын, ақша да жетіспейтін. Үйде екі кішкентай қыз бар. Берген ақшасына балаларға тамақ, үйге көмір алып келдім. Кешкісін үйге келгенде сұрады. Алдырмағанымды айттым. — Баға алмасаңыз, кете беріңіз, — дедім. Бәрі содан басталды», — деп еске алады Ағзайда Бекболсынова. 

Сөзіне қарағанда, күйеуі қыс түскенде үйден кетіп қалады. Балаларының күнкөрісі үшін уайымдамайды. Жағдай оңала бастаған кезде, жазға таман қайтып келеді, — дейді әйел. Бесінші қызын босанған соң, күйеуі тағы да соны қайталаған. Алайда бұл жолы қайта оралмаған. Бүгінде үйге келмей кеткеніне үш жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында Ақзайда Бекболсынова аштықты да, қауіп-қатерді де көргенін айтады. 

«6 айдың пәтерақасына 150 мың теңге қарыз болдық. Оны төлей алмаған соң «Береке» ауылынан арзандау пәтер тауып, кеспе жасайтын жерге жұмысқа орналастым», — деген келіншек балаларына қарау үшін анасын шақырған. Ол кезде Ақзайда аз-маз жұмыс істеп, қыздарының тамағын тауып беріп отырған. Ал бүгінде 5 баламен жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ.

Бір жолы жұмысқа шыққанында үйде қалған екі қызы иіс тиіп, жансақтау бөліміне түскен. 

«Көрші аға құтқарып қалды. Жұмысыма звондап: — Мұнда екі қызың өліп қалған сияқты, — деді. Аллаһтың қалауымен жедел жәрдем тез келіп, төрт сағат кислородпен демалып жатты», — деп көзіне жас алып еске алады көпбалалы ана. 

Жолдасы бар кезде, Ақзайда балалар үшін жұмыс істемек те болыпты. Алайда күйеуі «өзім асыраймын» деп рұқсат бермеген. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz