Алматыға сырт аймақтан кіруге кімдерге рұқсат беріледі? — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы Алматы қаласы карантиндік аймағына кедергісіз келіп-кетуге рұқсат етілген жағдайлардың тізімі кеңейтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок пост

«Егер қалаға келушінің немесе қаладан сыртқа шығушының ұлттық экономика министрлігі бекіткен 201/у нұсқадағы анықтамаға сәйкес, коронавирус инфекциясына жасалған сынама нәтижесі теріс болса, оған Алматы карантиндік аймағына кіруге не шығуға рұқсат», — делінген ресми құжатта. 

Қалаға кіруге рұқсат берілгендердің тізімінде вахта қызметкерлері, омарташылар, құрылыс және жол жөндеу жұмыскерлері, Алматыда қызметі қайта іске қосылған ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары бар. 

stan.kz