Home Жаңалықтар Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді

Алматыға Ауғанстаннан 42 адам жеткізілді

0
813

Бүгін сағат 17.00-де Алматыға Ауғанстаннан 42 жолаушыны эвакуациялаған ұшақ қонды. 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері елге оралды.

Одан басқа, осы бортпен Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды.

Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

«Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүддесі мен құқығын қорғайды», деп жазады ҚР Қорғаныс министрлігі.