Алматыдан Түркістанға пойыз жүреді | «Айқын» газеті

0

Жаңа жылдан бастап «Тұлпар» пойызы Алматы мен Түркістан арасында қатынайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың мәліметінше, жаңа бағыт екі бағыттағы жолаушылардың көптігінен билет тапшылығын азайтады.

Түркістан облысының көліктік қолжетімділігін арттыру және Қазақстандағы ең танымал туристік орындардың бірі бағытында жолаушылар тасымалын көбейту мақсатында 3 қаңтардан бастап Алматы мен Түркістан қалалары  арасында жаңа бағдарды іске қосады. №71/72  «Алматы 2 – Түркістан» пойызы 23 вагоннан жасақталған, оның 19-ы «Турист» санатында және 1 вагон бар, 1 вагон мейрамхана және 2 техникалық вагон бар. Алматыдан шыққан пойыз Түркістан қаласында 13 сағат 23 минутта жетеді. Кері бағыттағы жолға кететін уақыт 13 сағат 06 минут. Жолда пойыз Шу, Тараз, Шымкент және Арыс-2 стансаларына тоқтайды. Пойыз кестесі жолаушыларға ыңғайлы жасалған. Алматыдан пойыз жұп күндері сағат 21:59-да шығып, Түркістанға тақ күндері сағат 11:05-те жетеді. Кері бағытта пойыз Түркістаннан тақ күндері сағат 16:51-де жөнелтіліп, Алматыға жұп күндері сағат 06:23-те келеді.

«Айқын» ақпарат   

 

Дереккөз: Айқын