Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқалы тұрған Air Astana ұшағынан ақау табылды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұшақ 17.45-те елордаға аттануы тиіс болатын, бірақ рейс кейінге қалды

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Air Astana әуе компаниясының KC995 рейсі Алматыдан Нұр-Сұлтанға уақытылы ұша алмады. Адамдардың бәрін ұшақтан түсірді, деп хабарлады жолаушылардың бірі Sputnik Қазақстанға.

Алматы әуежайындағы таблоға сәйкес ұшақ оңтүстік астанадан 17:45-те ұшып шығуы керек болатын.

«Жолаушылар ұшаққа отырып алған еді. Қазір автобустар келіп, бәрін кері әкетіп жатыр, — деп хабарлады жолаушылардың бірі Sputnik Қазақстанға – Ұшқыштар техникалық ақау барын айтты. Инженерлер жөндеп жатыр екен».


©
Sputnik / Стрингер.

Алматы әуежайындағы табло

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сайтында бұл рейс жергілікті уақыт бойынша 19.35-те келуі тиіс деп көрсетілген.

Айта кетсек, бесінші шілдеде SCAT әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Анталья бағытындағы DV-475 рейсі он төрт сағаттай кешікті. Бұған да ұшақтағы техникалық ақау себеп болған.



sputniknews.kz