Алматыдан Делиге қатынайтын барлық рейстер тоқтатылды
Air Astana-ның Дели бағыты бойынша ұшуға жоспарланған барлық рейстер 2019 жылғы 1 наурызына дейін Пәкістанның әуе кеңістігі жабылуына байланысты орындалмайды.
Алматыда Дели бағыты бойнша ұшатын Air Astana-ның барлық рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Air Astana-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Air Astana-ның» Дели бағыты бойынша ұшуға жоспарланған барлық рейстер 2019 жылғы 1 наурызына дейін Пәкістанның әуе кеңістігі жабылуына байланысты орындалмайды. «Air Astana» колл-центрі жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастыруда. Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен тасымалдау да қарастырылуда», — делінген хабарламада.
27-ақпандағы КС908 Дели-Алматы рейсі қазіргі кезде Пәкістанның әуе кеңістігінен тыс Оман королдігінің астанасы Маскат әуежайы бағытында ұшты, ол жерден отынды үстеп құйып, ары қарай Алматыға ұшып барады. Алматығы жергілікті уақыт бойынша 17:22 қонады деп күтуліде.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz