Алматыдан бір күннің ішінде қанша адам шығып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

19 наурызда Алматыда жарияланған карантинге байланысты қаладан қанша адам шыққаны айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок пост

Бұл туралы Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді. 

«19 наурызда тәулік ішінде 27 блок бекет арқылы 4 383 көлік, 45 956 адам кірсе, 3 884 көлік, 47 325 адам шыққан. 20 наурызда 17 810 көлік, 49 018 адам кірсе, 10 772 көлік, 54 700 адам шығып кеткен. Блок бекеттердегі ахуал тұрақты», — деді әкім орынбасары.

Еске салайық Қазақстанда коронавирус жұқтырған 49 адам тіркелгені айтылған еді. 
 

stan.kz