Алматыдан 716 шақырымда жер сілкінді
Желтоқсанның 22-і күні Астана уақытымен таңертеңгі сағат 6:32 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 716шақырымда жер сілкінді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
Жер сілкінісінің ошағы Тәжікстан аумағында, жердің 35 километр терең қабатында болды. Зілзала қуаты 4,2 магнитуданы құраған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.6.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Дереккөз: Азаттық