Алматыдан 397 км қашықтықта жер сілкінісі болды

0
79
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Қытайда он километр тереңдікте

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі бүгін Астана уақытымен 09.41-де немесе Гринвич бойынша 03.41-де магнитудасы 4.9 жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмикалық белсенділік ошағы, Қазақстанның білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті экспедициясының мәліметі бойынша, Алматы қаласынан шығысқа қарай 397 километр жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы сейсмологтардың берген бағасы бойынша 11.2 деңгейінде.

Эпицентрінің тереңдігі – 10 километр.

Алматылықтарға жер асты дүмпулері сезілген жоқ.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/