Алматыдан 357 шақырым қашықтықта жер сілкінді

2018 жылғы 8 желтоқсан 14:10 84

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 12 сағат 03 минут 05 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жерасты дүмпуі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 357 шақырым жерде, Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.1. MPV тербелісі — 4.4, ошағының тереңдігі — 10 км», — делінген хабарламада.