Алматыдан 133 шақырым жерде 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

0
Алматыдан 133 шақырым жерде 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды


Жер сілкінісі Алматыдан 133 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болды. 

ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 10 желтоқсан 06 сағат 58 минут 45 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 133 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.2. MPV тербелісі — 4.1. Эпицентрінің координаттары 42.21° с.е. 77.83° ш.б. Ошағының тереңдігі — 20 км. Сезілуі туралы ақпарат (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ.